Маңғыстауда полиция полковнигінің ұлы 10 жылға сотталды

Сурет: pexels
Батыс Қазақстан облысы полиция бастығы орынбасарының ұлына қатысты есірткі саудасы бабымен қозғалған қылмыстық іс сотта қайта қаралып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Батыс Қазақстан облысы полиция бастығы орынбасарының ұлы алдында алқабилердің қатысуымен болған сотта ақталған. Іс 2024 жылдың 21 қазанда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қайта қаралды", деп жазады жергілікті Lada басылымы.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 1,3,5-тармақтарымен айыпталған А-ға қатысты, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, аса iрi мөлшердегі психотроптық заттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы заңсыз өткізу мақсатында сақтау дерегімен сотқа берілген қылмыстық іс қаралды. Мемлекеттік айыптаушы оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. А және оның қорғаушылары оны ақтауды сұрады

"Іс бойынша А-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін не ауырлататын мән-жайлар болған жоқ. Алқабилердің кесімімен аталған қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев