Атырауда 80 млн теңгені қолды қылған әлеуметтік орталықтың директоры мен есепшісі сотталды

Сурет: Zakon.kz
Атырау облысының Жылыой аудандық сотында мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра, аса ірі мөлшерде сеніп тапсырған мүлікті иемденіп алып, талан-таражға салғаны үшін айыпталған Ж.-ға және Ш.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотта Ш. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бас есепшісі және уақытша мекеме директоры міндетін атқарушы бола тұра, 2021-2022 жылдары өзінің және таныстарының банк есепшоттарына 73 млн теңгеден астам қаражат аударғанын анықтады.  Осылайша ол аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, талан-таражға салған. Орталық директоры Ж. 2022-2024 жылдары тура осы жолмен 6 млн теңгеден астам соманы иемденіп, талан-таражға салған.

Сотталушылар өз кінәларын мойындады. Прокурор сотталушы Ш-ға – 6 жыл 8 ай, Ж-ға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші Ш-ға 60 млн астам теңгеге талап қоюын қанағаттандырып, заң шеңберінде жаза тағайындауды сұрады.

Сот сотталушылар тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып:

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда ветеринар мамандарға қосымша төлемдер мен үстемақылар енгізу ұсынылды

Қоқыс полигондарының 80%-ы санитарлық талаптарға сай емес – сарапшылар дабыл қағуда

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Павлодарда балық аулау дүкені өртеніп, 16 адам эвакуацияланды

Ресейде бес жасар қызын өлтірді деген күдікке ілінген әйел кінәсін толық мойындады