Атырауда дүкенге кетіп, сол күйі оралмаған 11 жасар бала табылмай жатыр

Сурет: Атырау облысы ПД баспасөз қызметі
Атырау қаласында "сүт алып келемін" деп дүкенге шығып, жоғалып кеткен 11 жасар баланың табылмай жатқанына осымен үшінші күн, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсая ықшам ауданында 2013 жылы туған Жасұлан Назарчук 2024 жылы 20 желтоқсанда сағат 10:35-те  дүкенге барып келемін деп, үйінен шыққаннан соң із-түссіз жоғалып кеткен.

Жоғалған ер баланың үстінде қою жасыл түсті күрте, спорттық үлгідегі қара шалбар, аяғына қара аяқ-қиім киген.

"Қазіргі таңда жан-жақты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қандай да бір ақпарат білсеңіз 102 нөміріне немесе анасының нөмірі 8778 950 28 45 (Наталья) дереу қоңырау шалуыңызды сұраймыз", делінген полиция хабарламасында.
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді