Қостанайдағы қарақшылық шабуыл: Дәрігерді ерегескен танысы тонаған болып шықты

Сурет: polisia.kz
Қостанайда полиция дәрігерге жасалған қарақшылық шабуыл бойынша қылмыстың бетін ашты. Оқиғаның мән-жайын облыстық полиция департаменті баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция мәліметінше, күдіктілердің бірі Қостанай тұрғынымен қылмысқа дейін таныс болған. Осыдан кейін олардың арасында жанжал болып, содан кейін күдікті өзге таныстарын одан кек алуға шақырған. Ол және оның екі серіктесі жәбірленушінің пәтерінде болып, оны ұрып-соғып, ойыншық тапаншамен, пышақпен қорқытқан. Осылайша күштеу арқылы олар жапа шегушіні ақшалай несие алуға мәжбүрлеген. Бұдан бөлек, телефон мен ақшаны қолды қылған.  Келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млн теңгені құрайды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанайда полицейлер екі күдіктіні анықтап, ұстады, үшінші күдікті Астанада тұтқындалды.  Қызметкерлер тапаншаны, телефонды және жәбірленушіге тиесілі ақшаны тәркіледі.  Күдіктілердің үшеуі де тергеу изоляторына қамалды", делінген полиция хабарламасында.

Адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы жасалған қарақшылық үшін олардың мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылатыны да нақтыланады.

Бұған дейін Астанада вокзалға үш жасар баласын тастап кеткен әйелге қатысты тың мәлімет жарияланған болатын.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті