Астанада вокзалға үш жасар баласын тастап кеткен әйелге қатысты тың мәлімет жарияланды

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі 13 қаңтарда ұлын вокзалға тастап кеткен ананың ұсталғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Астана станциясындағы полицияның желілік басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде вокзалда жападан жалғыз қалдырылған баланың анасын анықтап, полицияға жеткізген. Полицияның мәліметінше, ол бұрын психиатриялық диспансерлік есепте тұрған.
"Қазіргі уақытта жас баланы қауіп-қатерге қалдыру фактісі бойынша тергеу амалдары қолға алынған. Бала Астана қаласы әкімдігінің Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына жіберілді. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", деп хабарлады Көліктегі ПД.
2025 жылы 8 қаңтарда әлеуметтік желіде Астананың ескі вокзалында қалтасында хат жазып қалдырылған үш жасар баланың табылғандығы туралы ақпарат пайда болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript