Шымкентте 21 жасар қызды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 10:24 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкент қаласында 21 жастағы студент қыз танысының қолынан қаза тапты. Кісі өлтіруге күдікті оқиға орнынан қашып кеткен еді. Бүгін, 13 қаңтарда Шымкент қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі оның ұсталғанын хабарлады.

Полиция мәліметінше, күдіктіні іздеуге департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.

"Қалаға кіріп-шығатын жолдарда бақылау күшейтіліп, аумақ толық тексерілді", – делінген хабарламада.

Күдікті Шымкенттен шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық аумақта анықталып, ұсталған.

"Қазіргі уақытта 28 жастағы Шымкент тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстың себептері мен мән-жайды тергеу барысында анықтау көзделіп отыр.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде", – делінген ресми хабарламада.

Марқұмның туыстары әділдік талап етіп, қылмыскердің жазасыз қалмауын сұрап отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: