Шымкентте жас қыз кісі қолынан қаза тапты – полиция оның танысын іздеп жатыр

Шымкентте жас қыз кісі қолынан қаза тапты – полиция оның танысын іздеп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2026 10:41 Сурет: pxhere
Шымкент қаласында 21 жастағы жас қыз пышақ жарақаттарынан қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Otyrar.kz басылымы полицияға сілтеме жасап жазды.

Аталған факті бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталған, алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол марқұм қызбен бұрыннан таныс болған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің қайда жүргенін анықтау, оны ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында жедел-іздестіру шараларының кешенін жүргізіп жатыр.

Шымкент қаласының полиция департаменті азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратудан сақ болуға және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

Бұған дейін Алматыда өртенген пәтер ішінде жалғыз қалып кеткен 95 жастағы кейуана құтқарылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: