Түркияда қазақстандық әйел мен оның екі жасар қызы жол апатынан қаза тапты
Сурет: pixabay
3 қыркүйекте Аланиядағы тас жолда сафари көлігі жеңіл көлікпен соқтығысты. Салдарынан қазақстандық әйел мен оның екі жасар қызы қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
TRT Haber арнасының мәліметінше, оқиға 3 қыркүйек күні кешке тас жолда болған. Қазақстан азаматы оқиға орнында көз жұмды. Оның екі жасар қызы ауруханада көз жұмды.
Екі көлікте де Қазақстан, Түркия, Израиль және Ресей азаматтары болған.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев көңіл айтты. Ол жол-көлік апатынан қоғам белсендісі Арайлым Бақытжан мен оның қызы қайтыс болғанын мәлімдеді. Жол апатынан оның күйеуі де зардап шеккен, ол қазір ауруханада жатыр.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript