Жетісу облысында жол апатынан әйел адам қаза тапты: екі жасар баласы ауруханада жатыр

Алматы-Өскемен тас жолы, жол-көлік апаты, апат, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 12:34 Сурет: polisia.kz
Жетісу облысында тас жолда көлік аударылып қалды. Салдарынан бір әйел қайтыс болды, ал оның баласы ауруханада жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының полиция департаментінің мәліметінше, 8 тамызда Алматы –Өскемен тас жолының 235-шақырымында Mercedes Benz көлігі жолдан шығып кеткен. Көлікті 39 жастағы ер адам жүргізіп келе жатқан.

"Оқиға орнында жүргізушінің 35 жастағы әйелі қаза тапты. Екі жасар бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сурет: polisia.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: