15 жасар қыз TikTok-тағы бейнежазбасы үшін әкесі мен жездесінің қолынан қаза тапты

АҚШ-та туып-өскен 15 жасар қыз TikTok-та видео түсіргені үшін Пәкістанның Балужистан провинциясында әкесі мен жездесінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Tribune дерегінше, полиция "ар-намысты таптағаны үшін өлтірдік" деп қылмыстарын мойындаған екі айыпталушыны қамауға алды.
"Әкесі қызына TikTok-та видео түсіруді тоқтатуды ескерткенін айтты, алайда қызы оны тыңдамаған. Сондықтан ол күйеу баласымен бірге, олар туған қаласы Кветтада болған кезде өлтіруге шешім қабылдады", – делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, олар қызға үйінің жанында оқ жаудырған. Жасөспірім ауруханаға барар жолда жан тәсілім еткен.
Марқұмның отбасы 28 жыл бойы АҚШ-та тұрып келеді. Бұл оның туыстарының үйіне алғашқы сапары болған.
Бұған дейін ШҚО-да полиция қос азаматтығы бар анасы мен қызын тұтқындағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript