Қосшыда сабақ барысында 10 жасар мектеп оқушысы қайтыс болды

Ребенок у окна, дети у окна, окно, падение из окна, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2026 14:43 Фото: unsplash
Әлеуметтік желілерде Қосшыда сабақ үстінде 10 жасар қыздың қайтыс болғаны жайлы дерек пайда болды. Ақпаратты бүгін, 2026 жылғы 30 қаңтарда Ақмола облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Turar_media_news мәліметтері бойынша, қайғылы оқиға Қосшыдағы қоғамдық мәдени-спорт кешенінің қабырғасында болған.

"Бала емханада "демікпе" диагнозы бойынша есепте тұрған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға орнына екі жедел жәрдем көлігі келген. Біріншісін шамамен 40 минут күткен, дегенмен ол реанимациялық техникамен жабдықталмаған болып шықты",- делінген 2026 жылдың 29 қаңтарында жарияланған ақпаратта.

Түсініктеме алу үшін редакция облыстық ПД баспасөз қызметіне жүгінді.

"Кәмелетке толмағанның қайтыс болу фактісі Қосшы полиция бөлімінде тіркелген. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, сабақ кезінде бүлдіршіннің денсаулығы нашарлаған. Тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады".

Сондай-ақ, Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы да (ДСБ) қайғылы оқиғаға түсініктеме берді:

"29 қаңтарда Қосшыдағы жедел жәрдеп қызметіне баланың басы ауырып, жүрегі айнып тұрғаны жайлы қоңырау түскен. Жағдайдың күрт нашарлауы туралы қайта қоңырау келгеннен кейін, қоңырау дереу шұғыл санатқа ауыстырылды және жедел жәрдем бригадасы мүмкіндігінше тез жетті. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, баланы құтқару мүмкін болмады. Балаларда жағдай өте тез өзгеруі мүмкін екенін ескеру керек. Өлімнің себебі сараптама нәтижелері бойынша анықталатын болады. Жағдайды объективті бағалау үшін барлық қызметтердің іс-әрекеттері тексеріледі".

Бұл ретте, ведомство баланың отбасына қайғыра көңіл айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: