Маңғыстауда 14 мың доллары тәркіленген шетелдікке 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Сурет: freepik
Шекарадан декларацияланбаған ақша қаражатын алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ақшасынан қағылып әрі айыппұл арқалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнеу аудандық сотының мәліметінше, "Маңғыстау-Нүкіс" бағытымен сапарға шыққан Өзбекстан Республикасының азаматының қол жүгін тексеру барысында толық деларацияланбаған 24 100 АҚШ доллары анықталды, ол оны заңсыз шекарадан алып өтпек болған.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, өз әрекетінің заңсыз екенін түсінетінін мәлімдеді. Құқық бұзушылық фактісі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, құжаттарды алу хаттамасымен, кеден бекеті қызметкерінің қызметтік жазбасымен және басқа да дәлелдемелермен расталды.


"Сот қаулысымен әйел адам ӘҚБтК 551-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 717 979 теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, декларацияланбаған 14 100 АҚШ доллары мемлекет пайдасына тәркіленіп, 10 000 АҚШ доллары құқық бұзушыға қайтарылды". Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі

Қаулы заңды күшіне енді.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Ғимараттардың сенімділігі мен тұрақтылығын техникалық тексеру ережелері жаңартылды