Астанада алғаш рет электросамокаттарға арнайы тұрақтар ашылады

Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Елордада алғаш рет электросамокаттарға арналған арнайы тұрақ аймақтары ашылады. Жоба пилоттық режимде Нұра ауданында іске асырылмақ. Ол үшін самокаттар жиі тасталып кететін он орын таңдалынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, тұрақтар арнайы жол белгілерімен және сызықтық белгілеумен белгіленеді. Кикшеринг пайдаланушылары сапарларын дәл осы жерлерде аяқтауы тиіс. Бұл тротуар мен жол жиегінде бей-берекет тасталған самокаттарға қатысты шағымдарды азайтуға көмектеседі.

"Астаналықтардан келіп түсетін ең жиі шағымдардың бірі – бей-берекет тасталған самокаттар. Арнайы тұрақ аймақтары осы мәселеге тәртіп орнатып, қалада қозғалысты қауіпсіз етеді", – деп атап өтті Нұра ауданының әкімдігі.

Бұл жұмысқа iKomek жедел әрекет ету және мониторинг орталығы да қосылды. Орталықта самокаттардың дұрыс қойылмауына байланысты шағымдарды жедел өңдеу үшін жаңа жіктеу жүйесі әзірленіп, операторларға арнайы оқыту жүргізілмек.

Бастаманы Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы мен елордадағы барлық кикшеринг компаниялары қолдады.

Электросамокат жүргізу мәдениеті мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол картасы да әзірленді. Қалалық басқармалар, полиция және кикшеринг компанияларымен бірлесе отырып, ақпараттық кампаниялар, қауіпсіз жүргізу бойынша сабақтар және ереже бұзушылықтарды анықтау рейдтері ұйымдастырылады.

Бұған дейін Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін екенін жазғанбыз

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады