Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 2025 жылғы 16 сәуірде Мәжілісте өткен брифинг барысында скутерлер мен велосипедшілерге қатысты заңды қатаңдату жоспарына қатысты туындаған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
БАҚ өкілдері атап өткендей, қазақстандықтар скутерлердің тротуарларда зырылдап, жылдамдық режимін сақтамайтындығына жиі шағымданады. Сонымен қатар, нөмірдің болмауына байланысты оларды жауапкершілікке тарту да қиын.
Санжар Әділов скутерлер бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.
"Әділет министрлігі жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының алаңында біз заңға енгізілуі тиіс бірқатар қосымша түзетулерді дайындап жатырмыз. Оның ішінде шетелде қолданылатын тәжірибені енгізу туралы ұсыныс бар. Біз Швейцарияның тәжірибесін зерттедік: мемлекеттік нөмір тек скутерлерде ғана емес, велосипедтерде де бар. Сондықтан бұл норма мен ұсыныс өте өзекті болып саналады. Қазір біз белсенді жұмыс сатысындамыз", - деп сөзін толықтырды ол.
2025 жылғы 4 сәуірде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жол қозғалысы ережелерін бұзған скутерлерді қалай тәртіпке шақыруға болатынын айтқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript