ІІМ Шымкентте төрт балалы әйелге жасалған шабуылға қатысты түсініктеме берді

Полиция, ІІМ, Шымкент, төрт балалы әйел, шабуыл, видео, түсініктеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2025 18:27 Сурет: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 2025 жылғы 16 сәуірде өткен Мәжілістегі брифинг барысында Шымкентте бұрынғы әйеліне шабуылдаған басбұзардың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер ресми өкілден бұған дейін әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме беруді сұрады. Нақтырақ айтқанда, Шымкентте бұрынғы әйелі әрі төрт баланың анасына пышақ сілтеп, кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамға қатысты.

"Аталған факті бойынша денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Осы қылмыстық істі тергеу алгоритмі бойынша кешенді медициналық сараптама тағайындалатынын атап өткім келеді. Мен бұл қылмыстық істі өз бақылауымда ұстаймын. Біз әлеуметтік желілерді зерделеп, жағдайды анықтайтын  боламыз", - деп жауап берді Санжар Әділов.

Сондай-ақ, ол балалардың қазір туыстарының қолында екенін және бұл жағдайды қамқоршылық органдары мен ювеналды полиция өкілдері сүйемелдейтінін айтты.

Бұған дейін, 2025 жылғы 4 сәуірде Астана қалалық полиция департаменті Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) елшісінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашқа қатысты істің егжей-тегжейімен бөлісті.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: