Павлодарда мейрамханада қонақтардың жаппай астан улану фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Сурет: unsplash
Павлодарда мейрамханада қонақтардың жаппай астан улану фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жағдайда 67 адамға медициналық көмек қажет болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Олардың көпшілігінде сальмонелла энтериті расталды. Облыс прокуратурасы ҚР ҚК 304-бабының 1-бөлігі, яғни "Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына, ауру жұқтыруына, сәулеленуіне немесе улануына әкеп соққан бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын нақтылады", деп жазады Pavlodarnews.kz.

Айта кетсек, 7 маусымда Bellagio банкет залында қыз ұзатуға барған 20-дан астам адам өздерін нашар сезінген. 8 маусымда да сол мекемеде тағы бір мерейтой өтіп, бірнеше қонақ астан уланды.

"Сыртқы орта объектілерінен шайындыларды микробиологиялық зерттеу нәтижесінде металл ас үй ыдыстарынан сальмонелла табылған. Сондай-ақ пісіруге арналған табақтан алтын түсті стафилококк, жабдықтар мен ыдыс-аяқтардың шайындыларында бактерия ішек тобының таяқшалары анықталды. Бұл ретте Bellagio ұжымы Instagram парақшасында мейрамхана жабылатынын және жұмысшыларын таратынын жариялады" делінген басылым мәліметінде.

Бұған дейін Ақмола облысында да жарысқа барған балалар астан уланғаны хабарланған

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті