Павлодарда тойға келген қонақтар астан уланып, ауруханадан бірақ шықты

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, прием у врача, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 10:55 Фото: Zakon.kz
Павлодарда тойда астан уланып, жаппай ауруханаға түскен науқастарға нақты диагноз қойылды. Зертхана қорытындысы бойынша олардан сальмонеллез анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK телеарнасының ақпаратынша, іші өтіп, өзін жайсыз сенінген 30-дан аса адам әртүрлі уақытта бір мейрамханаға тойға барған.

8 маусымда өткен қыз ұзату тойының қонақтары мейрамханадан кейін ауруханаға жеткізілген. Ертесіне сол тойханада өткен тағы бір қуанышты дастарқанның қонақтары да дәрігерлерге жүгініпті. Жалпы саны 20 адам ауруханаға жатқызылса, 14 науқас үйінде емделді.

СЭС мамандары тойханадағы ыдыс аяқтар мен қызметкерлерінен түрлі сынама алған. Тексерген кезде бұл мейрамхананың санитария-эпидемиологияға қатысты рұқсаты жоқ болып шықты. Тура сол күні тойхананы жабуға қаулы шығарады. Бірақ оның иесі келесі күні басқа той өткізіп, оның да қонақтары жаппай ұшынған. Науқастарға сальмонеллезді энтерит диагнозы қойылды. Патоген бактерия ет, сүт өнімдерінде болған. Қазір іс полицияға жолданды.

Бұған дейін Оралда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: