Ақмола облысында жарысқа келген балалар астан уланды

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, анализы, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2025 09:59 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақмола облысының Щучинск қаласына халықаралық турнирге келген балалар астан уланып, ауруханаға түсті.

Футбол жарысына Астана, Павлодар, Қостанай қалалары және Өзбекстан мен Тәжікстаннан барлығы 210 бала қатысқан.

Соның 18-інде бактериалды ішек инфекциясы анықталды. Олардың төртеуі кеше түнде Көкшетаудағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Қазір жағдайлары жақсарып, үшеуі үйіне жіберілді. Ал алматылық жасөспірім ауруханада ата-анасын күтеді, дейді дәрігерлер, деп жазады qazaqstan.tv.

Курортты аймақта өткен жарысты ұйымдастырған спорт мектебі жергілікті атқарушы органды ескертпеген. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазірде жарысқа келген барлық балалар медициналық тексерістен өтіп жатыр. Мектепке арнайы медициналық қызметкер жіберілді. 168 бала тексерілді, қалған 42-сі үйіне кетті. Тексеріс нәтижесі әлі толық аяқталған жоқ, сондықтан берілген мәліметтер өзгеруі мүмкін." Қанат Ысқақов, облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: