Ақмола облысында жылу жүйесіне мазут тарап кеткен
Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысының Щучинск қаласында жүздеген тұрғын жылуға жарымай отыр.
Пәтерлердегі батареялардан ауа шығарған кезде су емес, мазут аққан.
Жергілікті әкімдік өкілдері бұған қазандықтағы диаметрі 32 милиметр болатын бу құбырының жарылуы себеп, - дейді.
Салдарынан, бес көпқабатты тұрғын үй мен бір мектептің жылу жүйесіне мазут тарап кеткен.
Қазір мамандар оны тазартып, орнына таза су құйып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Ал қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған жеті қазандық қалыпты жұмыс істеп тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript