Оралда бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Үстіміздегі жылдың 10 маусымында Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен топтың әрекетінің жолын кесті., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2025 09:33 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстанның 8 азаматы ұсталды, оның екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 19 маусымында ҚР ҰҚК баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, үстіміздегі жылдың 10 маусымында Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен топтың әрекетінің жолын кесті.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ресми ақпаратқа сүйенсек, 8 қазақстандық ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды.

"Бұл тұлғалардың әрекеттері аймақтың коммерциялық іс-әрекетіне қатысушыларына теріс әсер еткен." ҰҚК баспасөз қызметі

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: