Ақмола облысында ақша бопсалаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыстық топ кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан. 14 қарашада алты адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Топ мүшелерінің жасы 26-32 жас аралығында.
Полицейлердің мәліметінше, ұсталғандар қорқыту және физикалық күш көрсету арқылы жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 2,5 миллион теңге бопсалаған және оның Subaru Outback автокөлігін тартып алған.
Қазіргі таңда ұсталғандар облыс аумағында осыған ұқсас бірқатар қылмыстарды жасауға қатысы бар екені анықталды.
Бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілер ұрылардың идеологиясын ұстанып, оны жастар арасында таратып, бас бостандығынан айыру орындарына жүйелі түрде ақша жіберіп отырған. Ақмола облысының полиция департаменті
Сондай-ақ топ мүшелеріне "қару қолдану арқылы қылмыстық жанжалдарға қатысты, ойдан шығарған сылтаулармен ақша бопсалап келді" деген айыптар тағылды.
Тінту кезінде олардан есірткі заттары, суық қарулар мен атыс қарулары тәркіленді.
Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript