Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Кәсіпкерлерді қорқытып-үркіту, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2022 20:10 Сурет: pexels
Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК-ның Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті жүргізген арнайы жедел-іздестіру шаралары барысында 18 қазанда Қызылорда қаласында кәсіпкерлерден, қарапайым азаматтардан қорқытып ақша мен мүліктерді тартып алумен және есірткінің заңсыз айналымына байланысты бірнеше қылмыстарды жасады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық ортаның 12 мүшесі ұсталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Алдын ала тергеу жалғасуда.

Осыған байланысты, ұйымдасқан қылмыстық топ тарапынан жәбір көрген азаматтар, не кәсіпкерлер болса, ҰҚК-ның Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша Департаментіне хабарласуды сұраймыз. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талабына сәйкес жария етілмейді. Қызылорда облысының прокуратурасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: