Қостанайда өзгенің 56 млн теңгесін иеленіп, сотталған сот орындаушысы рақымшылыққа ілінді

Сурет: Zakon.kz
Қостанайда борышкерлер берешекті өтеу шотына аударған 56 млн теңгені жеке қажеттілігіне жаратып тастағаны үшін жеке сот орындаушысы сотталған. Бүгіндері ол рақымшылыққа ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай қаласының №2 сотында өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны және азаматтардың құқықтарына елеулі зиян келтіргені үшін жеке сот орындаушыcына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта жеке сот орындаушысы борышкерлерге атқарушылық іс жүргізу туралы қаулы жіберіп, олар аударымдар арқылы төлем жасағаны, сондай-ақ борышкерлердің жалақысынан ақша ұстап қалғаны анықталды. Ал ақша қаражаттары оның көрсеткен шотына, берешекті өтеу есебіне аударылып отырған.

"Алайда жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі өз міндеттерін орындамай, келіп түскен қаражатты өз қалауы бойынша жаратқан", делінген сот хабарламасында.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан ол 31 жәбірленушіге 56 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірді.

Сот жарыссөздерінде мемлекеттік айыптаушы сотталушыға 2 жыл бас бостандығынан айыру және "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Заңның негізінде жаза мерзімін екіден бір бөлікке қысқартуды сұрады.

Сотталушы сотта өзінің кінәсін мойындады.

Жәбірленушілер жазаны соттың қарауына қалдырды және талаптарды қанағаттандыруды сұрады.

Сотталушының жеке басын, жасалған іс-әрекеттің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот К.-ны жеке сот орындаушысының қызметімен үш жыл мерзімге айналысу құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Таразда жұмыстан шығып қалған ер адам өз құқығын сотта қорғап, зауытқа қайта оралғанын жазғанбыз.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты