Таразда жұмыстан шығып қалған ер адам өз құқығын сотта қорғап, зауытқа қайта оралды

Сот, Тараз, зауыт, ер адам, жұмысшы құқығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2025 18:16 Сурет: pexels
Таразда ер адам шартты бұзу түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықты заңсыз деп тануды, оны бұрынғы лауазымына қалпына келтіруді, мәжбүрлі жұмысқа келмегені үшін жалақыны және моральдық зиянның орнын толтыруды сұрап, қалалық сотқа жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның 2022 жылдың қараша айынан бастап "Қазфосфат ЖТК" ЖШС қоймасында оператор болып жұмыс істегені белгілі болды. 2023 жылдың қазан айында жұмыс беруші қызметкердің еңбек тәртібін бұзу туралы акт толтырған, атап айтқанда, дәлелді себептерсіз жұмыс орнында сағат 8:00-ден 12:00-ге дейін болмағанын көрсеткен. Талап қоюшыға еңбек шартының бұзылғаны туралы хабарланған. Сөйтіп оны жұмыстан шығарған.

Сотта талап қоюшының жұмысқа бара жатқанда дөңгелегі жарылып, жол бойында тұрған автокөлікпен соқтығысқаны анықталды, бұл туралы талап қоюшы дер кезінде өзінің тікелей басшыларына хабарлаған.

"Ұсынылған хат-хабарлардың скриншоттарынан талап қоюшы екі тікелей бастығымен хабарласып, оларға жұмысқа уақтылы келмеу себебін түсіндірген. Бұл ретте бастықтарының бірі ер адамды жақсы қызметкер екенін көрсетіп, жақсы жағынан сипаттаған. Жауапкер еңбек шартын бұзудың заңдылығына сілтеме жасай отырып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартуды сұрады".Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі

Куәлердің, талап қоюшының айғақтарын және сотқа ұсынылған хат-хабарлардың скриншоттары мен автокөліктің фотосуреттерін ескере отырып, сот талап қоюшы жұмыс орнында болмау себептерінің дәлелді екендігі туралы уақтылы хабарлады деген қорытындыға келді. Өндірісте қандай да бір жұмыстың тоқтап қалуы және жұмыс берушіге залал келтірілмеген.

Сот талап қою арызын ішінара қанағаттандырып, бұйрықтардың күшін жойып, оны заңсыз деп таныды.

Талап қоюшыны жұмысына қалпына келтіріп, мәжбүрлі жұмысқа келмегені үшін 1,4 млн теңге мөлшерінде жалақы және 500 мың теңге мөлшерінде моральдық зиянның өтемақысын өндіріп алды.

Шешім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Түркістан облысында Жетісай аудынық білім бөлімінің 46 қызметкері бір мезетте сотталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: