Таразда мас ер адам күзетшімен төбелесіп, полицейді жарақаттаған

Ұстады, Тараз, дәмхана, мас ер адам, күзетші, полицей, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 17:09 Сурет: pexels
Таразда дәмханалардың бірінде пышақ ұстаған ер адам күзетшімен жанжалдасқан. Полиция қызметкері бұзақыны тоқтатып, қылмыстың алдын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қаңтарда сағат 05:00 шамасында Тараз қаласындағы кафелердің бірінде масаң күйдегі 21 жастағы ер адам мекеме күзетшісімен жанжалдасып қалған. Ол күзетшіге күш көрсетіп, пышақпен дене жарақатын салуға оқталған. Осы сәтте кафеде күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жүрген полиция қызметкері араға түсіп, күзетшіні қорғай отырып, ауыр қылмыстың алдын алу шараларын жүргізді.

"Оқиға барысында тәртіп сақшысының оң қолы жарақат алды. Алайда ол өзінің өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті елемей, қоян-қолтық тәсілдерін қолданып, басқа азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Жарақатына қарамастан, құқық бұзушыны жедел-тергеу тобы келгенше ұстап тұрған", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Бұған дейін Астанада телефон ұрлаған күдікті анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: