Астанада телефон ұрлаған күдікті анықталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 14:44 Фото: Zakon.kz
Елордадағы Алматы ауданының криминалдық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан шағым түсті.

Жәбірленуші қаладағы дүкендердің бірінде сауда жасап жүрген кезде ақ түсті iPhone телефоны ұрланғанын хабарлады.

Қаскүнемнің әрекетінен келген шығын көлемі 700 мың теңгені құрады. Тәртіп сақшылары бұл оқиғаны сараптап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша іс қозғады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні – 44 жастағы ер адамды анықтап, қолға түсірді. Тергеу амалдары жалғасуда.

Ұрланған телефон айғақ зат ретінде алынып, өзінің заңды иесіне қайтарылды.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға жеке мүліктеріне мұқият қарап, сақтық шараларын ұмытпауға шақырады.

Кез келген мүлікке қырағылық таныту және оны қорғауға жауапкершілікпен қарау арқылы осындай оқиғалардың алдын алуға болатынын еске салады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: