Таразда автобуста телефон ұрлаған күдікті "ізін суытпай" қолға түсті

14 қарашада Тараз қаласы ПБ 1-полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды.
Ер адам күндізгі 13:40 шамасында маршруттық автобуста болған кезде, құны 600 мың теңге болатын IPhone телефонын қалтасынан бiреудiң ұрлап кеткендiгi туралы арызданды.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Тараз қаласының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
Ер адам өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript