Алматыда ер адам дәмхана қызметкерлерін балағаттағаны үшін қамалды

Алматыда ер адам дәмханада ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2025 17:20 Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы дәмханалардың бірінде 45 жастағы ер адам мекеме қызметкерлерін балағаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоғамдық тәртіпті бұзуға байланысты Алмалы аудандық полиция қызметкерлері жедел түрде құқық бұзушының жеке басын анықтады және ұстады.

Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен ол 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

"Кез келген жанжалды жағдай заң аясында шешілуі керек. Балағаттау, қорқыту, агрессия әділ шешімге әкелмейді, тек мәселені ушықтырады. Біз азаматтарды заң талаптарын сақтауға, келіспеушіліктер туындаған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға шақырамыз", - деді Алматының Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: