Түркияда 62 жастағы ресейлік турист қонақүй қызметкерлеріне тиіскені үшін түрмеге қамалды

Түркияда 62 жастағы ресейлік турист қонақүй қызметкерлеріне тиіскені үшін түрмеге қамалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 11:03 Сурет: magnific
Түркияда қонақүй қызметкерлеріне сексуалдық сипаттағы қысым көрсетті деп айыпталған Ресей азаматы, 62 жастағы зейнеткер қамауға алынды. Ер адам курорттық Инжекум елді мекеніндегі бес жұлдызды қонақүйге демалуға барған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Газета.ru" SHOT Telegram-арнасына сілтеме жасап жазғандай, демалыс кезінде турист бірнеше қонайүй қызметкеріне қайта-қайта назар салып, мазасын алған. Оның әрекеті тым өрескел болғандықтан, қонақүй қызметкерлері полиция шақырған.

Түркияда ТМД елінен келген зейнеткер қонақүй қызметкерлеріне өрескел тиісіп, қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2026 11:03

Сурет: Telegram-канал "SHOT"

Нәтижесінде турист ұсталды. Жауап алғаннан кейін сот шешімімен оны Аланьядағы L типті жабық түрмеге жіберді. Мұндай мекемелерде ауыр және орташа ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдар ұсталады.

Ресей азаматы 20 адамға дейін орналастыруға арналған камераға қамалады. Сондай-ақ оған түрме аумағындағы шағын алаңда серуендеуге мүмкіндік беріледі.

Бұған дейін Түркияда бассейнге сәтсіз секіріп, сал болып қалған ер адамның қайғылы оқиғасы туралы жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: