Аялдамаға апарып, аяқкиімін шешкен: Талғарда ер адам 8 жастағы қызға шабуыл жасады
Фото: pexels
Талғарда ер адам көшеде сегіз жастағы қызға шабуыл жасап, оған сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасауға тырысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 27 тамызда қазақстандық құқық қорғаушы Ләззат Рақышева мәлімдеді.
"Түнгі сағат 03:00-де біздің орталыққа тағы бір ана хабарласты. Оның айтуынша, 2026 жылғы 24 тамызда Талғарда шамамен 40-50 жастағы бейтаныс ер адам үшінші сыныпқа баратын сегіз жасар қызына қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет жасауға тырысқан. Қыз үйіне велосипедпен қайтып бара жатқанда, ер адам оны тоқтатып, дөңгелегіне тас кіріп кеткенін және оны алып тастауға көмектесетінін айтқан. Кейін баланы автобус аялдамасына апарып, аяқкиімін шешкен, денесін ұстап, сексуалдық сипаттағы өзге де жол беруге болмайтын әрекеттер жасай бастаған. Қыз қарсылық көрсетіп, жылағаннан кейін ер адам біреулер байқап қояды деп қорқып, оны жіберген", – деп жазды ол Threads желісінде.
Оның айтуынша, Талғар аудандық полициясы күдіктіні ұстаған. Ер адам бұған дейін ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болуы мүмкін.
"Отбасы оның кінәсі дәлелденіп, лайықты жазасын алады деп үміттенеді. Қазір анасына қажетті заңгерлік және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Құрметті ата-аналар, балаларыңызбен жиі сөйлесіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіздер және бейтаныс адамдарға сенбеуді үйретіңіздер", – деді Ләззат Рақышева.
Редакция Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне түсініктеме алу үшін жүгінді. Алайда жауап келмеді.
Бұған дейін Қарағанды полициясы әйел киімін киіп, әлеуметтік желілерде балалармен танысқан ер адамға қатысты шара қабылдаған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript