Ер адам астаналық тұрғынға шабуыл жасап, телефонын тартып алған

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2023 22:28 Сурет: Zakon.kz
Ер адам астаналық тұрғынға шабуыл жасап, телефонын тартып алған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы ауданының полиция басқармасына елорда тұрғыны тонау туралы арызбен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, түнде көшеде күтпеген жерден оған жас жігіт келіп, ақша талап ете бастаған. Әйел ақша беруден бас тартқан кезде, күдікті оның бетіне соққылар беріп, содан кейін ұялы телефонын алып, белгісіз бағытта қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер елорданың 31 жастағы тұрғынын анықтады. Полиция құны 500 мың теңге тұратын Iphone-14 Pro Max телефонын тәркілеп, жәбірленушіге қайтарып берді.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам Астана қаласы ПД уакқытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: