Астанада шөбересін зорлаған 82 жастағы педофил 20 жылға түрмеге тоғытылды
Фото: Zakon.kz
Астанада 82 жастағы ер адам жеті жасар шөбересіне жыныстық зорлық көрсетті деп айыпталған. 2026 жылғы 15 қаңтарда сот қарияның ісін қарап, үкім кесті. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Белгілі болғандай, зейнеткер ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша кінәлі деп танылды.
Қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды. Сот талқылауының қорытындысы бойынша сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды.
Бұған дейін Қазақстанда педофилдер өмір бойы тіркеуге алынатындығы хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript