Қостанайда мас ер адам балаларды пышақпен қорқытқан
Сурет: zakon.kz
Қостанайда полицейлер пышақ ұстаған ер адамды ұстады. Оны айықтырғыш орнына жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
10 сәуірде кешке "102" шұғыл байланыс желісіне әл-Фараби көшесіндегі үйдің ауласында пышақ ұстаған жас жігіт жүргені туралы бірнеше хабарлама келіп түсті.
Ер адам 440-бап, яғни "Алкогольдік ішімдік тұтыну немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ, ер адамның психоневрологиялық диспансерде тіркелген-тіркелмегені анықталады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript