Астанада жыл басынан бері вандализм бойынша 150 адам жауапқа тартылды

Сурет: gov.kz
Елордада вандализм әрекеттері мен қоғамдық тәртіпті бұзу жағдайларының алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жалғасып жатыр. 2025 жылдың басынан бері осыған ұқсас құқықбұзушылықтар үшін 150 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жауапқа тартылған 150 адамның 82-сі қамауға алынып, 68-іне айыппұл салынған.

"Мәселен, 26 шілдеде түнгі сағат 03:39 шамасында Бектұров көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде 19 жастағы жас жігіт мас күйінде ақпараттық стендті жұдырықпен ұрып, әдейі сындырған. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабы, "Бөгде мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Тағы бір жағдайда 45 жастағы қала тұрғыны Toyota Avensis маркалы автокөлікті бүлдірген: капотын, есіктерін сырып кеткен. Материалдық залал келтірілді. Құқық бұзушының тұлғасы анықталып, оған да тиісті әкімшілік шаралар қолданылды", делінген хабарладама.

Айта кетсек, бөгде мүлікті әдейі жою немесе бүлдіру үшін 60 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады.

Бұған дейін Астанада вандалдар жаңа LRT вагондарына граффити салып кеткені хабарланған.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты