Астанада вандалдар жаңа LRT вагондарына граффити салып кеткен: қылмыстық іс қозғалды

Астанада вандалдар жаңа LRT вагондарына граффити салып кеткен: қылмыстық іс қозғалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2025 23:41 Сурет: Zakon.kz
Астанада 24 маусым күні бейтаныс біреулер LRT жаңа вагондарына граффити салған. Бұл туралы Zakon.kz сайтына CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Компания өкілдері вагондардың сыртына рұқсатсыз граффити салу фактісі тіркелгенін айтты.

“Аталған ақпарат құқық қорғау органдарына берілді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар вагондардың сырты арнайы қорғаныш қабатымен қапталған, ол бояудың негізгі бояу-жабынына сіңуіне жол бермейді”, - деді CTS өкілдері.

Қазір бояуды кетіру жұмыстары басталып кетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: