Көкшетаудан Астанаға бағыт алған электр пойызына 22 жастағы бойжеткен зақым келтірді

Сурет: Көліктегі ПД
Ақмола облысында Елтай станциясында 22 жастағы бойжеткен Көкшетау – Нұрлы Жол бағытындағы электр пойызына тас лақтырып, белгілі бір деңгейде залал келтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылы 29 қыркүйекте Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Құрмет Мәжікеновтің айтуынша, пойызға мінуге кешіккен 22 жастағы бойжеткен есіктердің жабылып қалғанын көріп, машинист кабинасына тас лақтырған.

"Салдарынан алдыңғы әйнек сынған. Бұл әрекет қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төнуіне әкеліп соғуы мүмкін еді. Абырой болғанда локомотив бригадасының мүшелері жарақат алған жоқ. Құқық бұзушы бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылды. Сот оған 137 620 теңге көлемінде айыппұл тағайындады", - дейді Мәжікенов.

Оның айтуынша, мұндай әрекеттер тек адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін, сонымен қатар теміржол көлігінің тұрақты жұмысына кері әсер етіп, қозғалыс кестесінің бұзылуына және апаттық жағдайлардың туындау қаупінің артуына себеп болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Осыған сәйкес, барлық азаматты көлік нысандарында тәртіп ережелерін қатаң сақтап, барынша жауапкершілік танытуға шақырамыз. Бұған қоса, кез келген заңсыз әрекетке, яғни, мүлікті қасақана бүлдіруге, теміржолдарға бөгде заттарды қоюға немесе тоқтату кранын рұқсатсыз қолдануға қатаң түрде тыйым салынатынын және заң бойынша жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз", – деді ол.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері Көліктегі ПД-да 1 170 шұғыл тежеу фактісін тіркелді. Оның ішінде 20 факт — тоқтату кранын өз бетінше пайдаланудан, 4-еуі — жолға бөгде заттардың қойылуынан, ал 49-ы — жылжымалы құрамның әйнектерінің бүлінуінен болған. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды