Кәмелетке толмаған қызды күштеп жезөкше еткен жасөспірімдердің ата-аналары жазаны жеңілдетуді сұрады

Сурет: pixabay
Кәмелетке толмағанға қатысты жасалған қылмыстық істер бойынша сотталғандардың адвокаттары мен ата-аналары алдында шығарылған жазаны жұмсартуды сұрап, Кассациялық сотқа жүгінді. Алайда сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кассациялық соттың мәліметінше, сот үкімімен кәмелетке толмағандар (алтау) жәбірленуші қатарласын жезөкшелікпен айналысуға тарту, ірі мөлшерде пайда табу мақсатында қорқытып-үркіту, көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты азаптау баптары бойынша кінәлі деп танылған. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша әрқайсысына 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған.

Кассациялық сотқа сотталғандардың адвокаттарының, қорғаушыларының (туысқандарының) сотталғандарға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындау туралы кассациялық шағымдары келіп түскен.

Кассациялық сот бірінші сатыдағы соттың және апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен келесі негіздермен келіседі:

Сондай-ақ Қызылорда облыстық соты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін және Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысын бұзуға немесе өзгертуге негіз бола алатын материалдық және процессуальдық заңның талаптарының бұзушылықтарын кассациялық сотпен анықталмады.

Бұған дейін Алматыда кәмелетке толмаған қызды мәжбүрлеп жезөкшелікке салған әйел ұсталған болатын.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 14–17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы қосымша вакцинация жүргізіледі

Мемлекет басшысы зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы жарлыққа қол қойды

Әкесі 14 жастағы қызын мектептен себепсіз қалғаны үшін аяусыз ұрып, шашын тақырлап алып тастаған

LRT неге уақытша тоқтағанын тасымалдаушы түсіндірді

Жұманғарин газ бағасының көтерілгенін мәлімдеді