Алматы-Қорғас тас жолында камераға қарап, әдепсіз қимыл көрсеткен жүргізуші сотқа тартылды
Сурет: Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын мониторингтеу барысында Алматы – Шелек – Қорғас тас жолының 140-шақырымында жол қозғалысы кезінде бұзақылық сипаттағы әрекетке барған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнежазбада Mercedes-Benz көлігі жүргізушісінің камераға жақындаған сәтте оған қарап, әдейі әдепсіз қимыл көрсеткені тіркелген.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер көліктің орналасқан жерін анықтап, жүргізушіні тоқтатты. Оның жеке басы анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар тексеру кезінде жүргізушінің бейнебақылау камерасына жақындаған сәтте мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін қасақана жасырғаны анықталды. Аталған фактілер бойынша жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Жиналған материалдар заңнамада белгіленген тәртіппен процессуалдық шешім қабылдау және құқық бұзушыны жауаптылыққа тарту үшін сотқа жолданды". Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript