Ақтөбе облысында өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік тізгіндеген

Водитель, водители, машина, машины, автомобиль, автомобили, руль, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2026 12:37 Фото: pexels
Ақтөбеде таңғы патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады.

Таңғы сағат 06:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері ВАЗ-2114 автокөлігін құжаттарын тексеру үшін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік тізгініндегі азаматтың бұрын өмір бойына көлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Соған қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған. Бұдан бөлек, жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан рөлге отырған 38 жүргізуші анықталды.

Мұндай әрекеттер заңды қасақана елемеу ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңнамада қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: