Жамбыл облысында көлік нөміріне балшық жағып қойған жүргізуші жауапқа тартылды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2026 10:02 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Полиция қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу фактілерін анықтады.

Жүргізуші қалааралық жолаушы тасымалдайтын Mercedes Sprinter автокөлігінің алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмір белгілерін қағазбен жауып, оларды әдейі жасырған.

Сондай-ақ Geely Atlas көлігінің жүргізушісі мемлекеттік нөміріне балшық жағып, жасырып қойған. Осылайша жүргізушілер жауапкершіліктен қашу мақсатында көлік құралын сәйкестендіруді қиындатып, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің бейнебақылау камераларында тіркеліп қалмау амалдарын жасаған.

Құқық бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес сот шешімімен бір жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 3 және 1 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Көліктер айып тұрағына қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: