Жамбыл облысында 155 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері "Қорғау" автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол жүрісі ережелерін 155 рет өрескел және жүйелі түрде бұзып келген Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісін анықтады., сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2026 10:51 Сурет: ҚР ІІМ
Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері "Қорғау" автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол жүрісі ережелерін 155 рет өрескел және жүйелі түрде бұзып келген Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісін анықтады.

Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған. Сондай-ақ 29 рет жол белгілері талаптарын сақтамаған.

Жауапкершіліктен қашып жүрген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін елемеуі биылғы жылдың басында да жалғасқан. 2026 жылдың қаңтар айының 16 күнінде ол 18 рет жол ережесін бұзған.

Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 592 және 601-баптарымен әкімшілік жауапқа тартылды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: