Алматыда жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Сурет: ҚР ІІМ
Алматы қаласында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет өрескел бұзған Mercedes көлігінің жүргізушісін анықтап, жауапқа тартты.
Құқық бұзушы әкімшілік кодекстің жеті бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Ол маневр жасау ережелерін бұзған, көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарған, апатты жағдай туғызған, көлік құралдарын пайдалану ережелерін сақтамаған, көлікті басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған және пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолданған.
"Бұл әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 95 айлық есептік көрсеткішті (373 540 теңге) құрайтын айыппұл салынды. Сонымен қатар тәртіп бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін де жауапқа тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды. Mercedes көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды", – деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.
Алматы полициясы "Заң мен тәртіп" қағидаты негізінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда. Сонымен бірге азаматтарға жол ережелерін қатаң сақтауды және әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігін күшейтуді ескертеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript