Павлодар облысында жол ережесін бұзған 400-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: Zakon.kz
Өңірде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында полиция қызметкерлері жүйелі жұмыс жүргізуде: автожолдарды тексеру, Жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзушылықтардың жолын кесу шаралары қабылдануда.
Мәселен, Павлодар қаласында Назарбаев – Баймолдин көшелерінің қиылысында Нива автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп, өз өмірін, жолаушыларын және өзге де жол қозғалысына қатысушыларды қауіпке тікті.
Жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Жол қозғалысы қағидаларының ең негізгі талаптарының бірін сақтамау жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін, оның салдарынан адам шығыны болуы ықтимал.
"Сигналдың ауысуын аңғармай қалған жүргізушілер түрлі сылтау іздейді. Кейбірі "үлгеріп өтемін", – деп тәуекелге барады. Алайда тоқтатылған әрбір жүргізуші асығыс болғанын немесе мұқият болмағанын алға тартқанымен, бұл оны жауапкершіліктен босатпайды", – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені үшін 400-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript