Көлігін үйлену тойына безендіргені үшін жауапқа тартылды
Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Сарыағаш ауданына қарасты Жібек жолы ауылында болған. Бейнебақылау камералары арқылы мемлекеттік нөмірі сыйлыққа арналған лентамен жабылған, сондай-ақ жарық сигналдарын беретін арнайы құрылғы (стробоскоп) орнатылған көлік анықталған.
"Тексеру барысында көлік тізгінінде Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны отырғаны белгілі болды. Ер адам туысының үйлену тойынан қайтып келе жатқанын түсіндірді", – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті 2026 жылғы 17 қарашада.
Мемлекеттік тіркеу нөмірін жасырғаны және көлікке заңсыз арнайы жарық құрылғысын орнатқаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды", – деп толықтырды құқық қорғау органдары.
Полиция мемлекеттік тіркеу нөмірлерін жасыру, сондай-ақ арнайы жарық құрылғыларын заңсыз орнату әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Айта кетейік, бұған дейін Орал қаласында 38 жастағы ер адам өзінің Audi көлігіндегі жазуға байланысты полицияның назарына іліккен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript