Қазақстанда сиыр етін сыртқа шығаруға қойылған шектеу алты айға ұзартылды

Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 29 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара мал етін әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта былай делінген:

Қазақстан Республикасының аумағынан жаңа сойылған немесе салқындатылған, сондай-ақ мұздатылған ірі қара мал етін үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге алты ай мерзімге 20 мың тонна көлемінде сандық шектеу (квота) енгізілсін.

Сондай-ақ сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары бекітілді.

Атап айтқанда, уәкілетті орган қағидалар күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей www.gov.kz интернет-ресурсында ірі қара мал етін әкетуге арналған квоталарды бөлу басталғаны туралы хабарландыру жариялауы тиіс.

Хабарландыруда мыналар көрсетіледі:

Қағидалар күшіне енгеннен кейін портал арқылы ірі қара мал етін әкетуге рұқсат етілген квота көлемі қалыптастырылады.

Ірі қара мал етін әкетуге арналған жалпы квота көлемі 20 000 тоннаны құрайды.

Бір тұлғаға берілетін квота мөлшері бордақылау алаңының қуатына қарай мынадай көлемде белгіленеді:

бордақылау алаңының қуаты 5 000 басқа дейін — 1 000 тонна;

Бір тұлғаның екі немесе одан да көп бордақылау алаңы болған жағдайда квота мөлшері олардың жиынтық өндірістік қуатына қарай айқындалады.

Сондай-ақ квота өз бордақылау алаңындағы мал басын пайдалана отырып, ет өңдеу кәсіпорны өндірген ірі қара мал етіне бөлінетіні белгіленді.

Квота мынадай талаптарға сай келетін жеке немесе заңды тұлғаларға (оның ішінде экспорттаушы компанияларға) беріледі:

Квота берілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн бойы жарамды болып, шекарадағы ветеринариялық бақылау бекетінде тексеру актісімен өтеледі.

Сиыр етін сыртқа шығаруға арналған квоталардың саны жекелеген тауар түрлерін экспорттауға лицензия беру кезінде портал арқылы автоматты түрде бөлінеді.

Ірі қара мал етін әкетуге арналған квоталарды бөлу кезінде бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кәсіпорындары туралы мәліметтер, сондай-ақ ірі қара мал басының бар-жоғы ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқоры және агроөнеркәсіп кешені салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі "e-Agriculture" арқылы расталады.

Құжатта сондай-ақ ірі қара мал етін әкетуге арналған квоталар белгіленген көлем толық игерілгенге дейін бөлінетіні көрсетілген.

Уәкілетті орган өз сайтында квота бөлу қорытындыларын — ірі қара мал етін әкетуге квота алған өтінім берушілердің тізбесін және бөлінген квота көлемін жариялайды.

Бұйрық 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

Айта кетейік, желтоқсан айының басында Қазақстанда сиыр етін сыртқа шығаруға алғаш рет шектеу енгізіліп, ол жыл соңына дейін қолданылған болатын.

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды