Астанада автобус аялдамасын бүлдірген 20 жастағы ер адам қамауға алынды

Сурет: CTS
Оқыс оқиға түнгі уақытта Молдағұлова көшесінде болды. 20 жастағы ер адам аялдаманың артқы қабырғасын теуіп сындырған. Бұл жайт сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Оқиға орнына полиция жасағы жетіп, күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталмыш іске қатысты сот оны 10 күнге қамауға алу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ ер адам залалдың өтемін төлеуге міндетті. Полиция ескертеді: мұндай құқық бұзушылықтар қолданыстағы заңнама аясында қатаң түрде тоқтатылатын болады.

"Астанада "Тоқта, вандал" акциясы жүріп жатыр. Оған волонтерлар, белсенділер, танымал спортшылар мен қала тұрғындары қолдау көрсеткен. Акцияның мақсаты – вандализмнің алдын алу және қаланы таза әрі тәртіпті сақтау. "Заң және тәртіп" қағидаты аясында полиция қызметкерлері прокуратурамен бірлесе отырып, вандализмге қарсы белсенді жұмыс жүргізеді. Мүлікті қасақана бұзу немесе зақымдау – 60 АЕК көлемінде айыппұл немесе 30 күнге дейін қамауға алу арқылы жазаланады", деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Бұған дейін Астанада артқа жүрген көлік автобус аялдамасын қиратқанын жазғанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда