Астанада артқа жүрген көлік автобус аялдамасын қиратты - видео

Аялдама, Астана, Орталық саябақ, Toyota Alphard, артқа жүру, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2026 20:40 Сурет: Zakon.kz
Оқыс оқиға Орталық саябақтың автотұрағы маңында болды. "Toyota Alphard" автокөлігінің жүргізушісі артқа жүру кезінде газды тежегіш тетігімен шатастырып басқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Cалдарынан автобус аялдамасы павильонының әйнегі күл-талқан болды. Қайта аялдамада адамдар болмаған.

"Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырды. Автокөлік мамандандырылған автотұраққа қойылды. Мүлікке келтірілген залал заңда белгіленген тәртіппен өндірілетін болады. Полиция департаменті жүргізушілерге көлікті басқару кезінде, әсіресе демалыс орындарында және адамдары көп жерде өте мұқият болуды ескертеді". Астана қалалық ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Астанада көлігі қалың көше қилысында жүк көлігі отқа оранғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: