Алматыда ішінде балалар отырған Lexus көлігі автобус аялдамасына соғылды
Сурет: Zakon.kz
Куәгерлердің айтуынша, екі көлік те солтүстік бағытта бірінің артынан бірі келе жатқан. Бір сәтте екеуі де қатар жүріп келе жатып, қатарын ауыстырмақ болған.
Осы кезде Toyota көлігі Lexus-ты басып озуға әрекеттеніп, соқтығыс орын алған.
Соқтығыс салдарынан Lexus-ты басқарған бойжеткен көлікке ие бола алмай қалған. Басқарусыз қалған көлік жол жиегіне қарай сырғып кеткен.
Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші көлікті тоқтатуға тырысқан, алайда көліктің дөңгелегі жарылып кеткен болуы мүмкін, оны тоқтату мүмкін болмаған.
Кейін Lexus аялдамаға соғылып, оны жартылай қиратып, бір ағашқа, артынша тағы бір ағашқа соғылған.
Абырой болғанда, сол сәтте аялдамада автобус күтіп тұрған қыз бала зардап шекпеген.
Lexus көлігінде жүргізуші қыздан бөлек, 10 және 14 жастағы балалар болған. Олардың ауыр жарақаттары болмаса да, ауруханаға жеткізілді.
Lexus жүргізушісі де шок жағдайында ауруханаға түсті. Қазір оған жедел ота жасалып жатыр.
Жол апаты болған жерде жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеуде.






