Алматыда өздігінен жүріп кеткен қараусыз автобус видеоға түсіп қалды

Автобус, Абай даңғылы, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2023 20:16 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде жүргізушісі жоқ автобустың артқа қарай жүріп кетіп, жасаған жол апатының видеосы пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында жүргізушісі жоқ, қараусыз қалдырылған №79 автобустың жол апатына түрткі болғаны хабарланған болатын. Бұл кезде автобус жүргізушісі дәретхана кеткен екен.


Кейін полиция хабарлағандай, №79 жолаушылар автобусы Абай даңғылының бойымен шығыс бағытта 84 метр артпен жүрген.  Автобустың соққысына алғаш боп ұрынған Land Cruiser көлігі болды. Ол күшті соққыдан Kia Rio мен Chevrolet Cobalt-қа зақым келтірді. Одан кейін автобус жол қиылысында тұрған Kia Optima көлігіне де соғылды. Апат салдарынан Kia Rio көлігінде болған бір әйел зардап шекті. Ол ауруханаға жатқызылды.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: