Астанада көлігі қалың көше қилысында жүк көлігі отқа оранды - видео

Өрт, Астана, жүк көлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2026 19:31 Сурет: ҚР ТЖМ
Астанада, 5 қаңтарда көлігі қалың көше қиылысында жүк көлігі отқа оранды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Нұра ауданындағы Айтматов пен Сығанақ көшелерінің қиылысында болды. Оқиға куәгерлері оттың лезде пайда болғанын айтады. Жүк көлігінің кабинасын қызыл жалын ораған, жол үстінде қалың қара түтін пайда болған, оттың таралу қаупі де туындаған.

"Хабар түскен бойда ТЖМ бөлімшелері жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Өрт сөндірушілер келген кезде жүк көлігінің кабинасы ашық жалынмен жанып жатқан. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда".

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: